Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
05.06.2022
197
ҚАЙДА ЖҮРСЕМ ШЫҚПАЙ ҚОЙДЫҢ ЕСІМНЕН
Қайда жүрсем шықпай қойдың есімнен,
Мен де сенің кетірдім-ау мазаңды.
Үмітсіз көп
Үміттенер жесірден,
Бірі десең, берсін Тәңір жазамды!
Жан екенсің бақ-шырағы жанбаған,
Жүрсе дағы тасың өрге домалап.
Жанарынан жүрек оты тамбаған,
Саған бірақ кінә тағу обал-ақ!
Қодырайған күшік кеуде жандардың,
Ән-сәні боп құбыл мейлі, құбылма.
Ақ шолпаны секілді атқан таңдардың,
Сенің бейнең қалды мәңгі жырымда.
Кейде тіпті жалбарынам тағдырға,
Естіртпе деп сырттай жаман атыңды.
Қорғау үшін өз арымның алдында,
Жазығы жоқ жалғыз махаббатымды.
Қайтейін, сен бұлбұл едің дарынды,
Бағың таппай, бағанада ән салдың.
Қайтейін мен, ақын едім арынды,
Айтарымды айта алмай-ақ тамсандым.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇