Өлеңдер ✍️

  04.06.2022
  274


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Қолдың кірі жуса кетер...

Қолдың кірі жуса кетер,
бірақ, сабын табылса,
Көңіл кірі айтса кетер,
айтар досың сағынса.
Жорғаңызда құн бола ма,
жүрісінен жаңылса,
Айтқан сөзім шын бола ма,
майы қалқып алынса.
Туған кезде мөлдір көктем
үлкен-кіші сабылса,
Кетер еріп мұз жүректен
көзден жасың ағылса.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу