Өлеңдер ✍️

  04.06.2022
  98


Автор: Ақылбек Шаяхмет

АРМАН-АЙ!

Арман-ай, асыл арман-ай!
Армансыз болмас жалған-ай.
Тазыдан қашқан қояндай
Жеткізбей бізге қойғаны-ай!
Жабыңды мінген тепеңдеп,
Боласың бекер қансоқта,
Бұлтартпай куып жетем деп,
Бөлінеді ойың сан саққа.
Қансонар сəтін көрген кім?
Бітпейді арман өмірі-ай.
Қоянды атқан мергеннің
Түлкіде болар көңілі-ай.
Түлкіні алған сырттанның
Қасқырда болар дəмесі-ай,
Өмірдің сырын ұққан кім?
Таусылмас арман, о несі-ай!
Арман-ай, асыл арман-ай!
Армансыз болмас жалған-ай.
Тазыдан қашқан қояндай
Жеткізбей тіпті қойғаны-ай!
Арман-ай...
Асыл арман-ай!!!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу