Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
03.06.2022
291
5-ші хат
Бұл менің соңғы хатым Сізге арналған,
Соқыр сезім сəулесі бізге арбалған.
Сізге қанша хат жаздым, бейбақпын ғой,
Бір тілеуі болар деп күзге алданған.
Бұл менің соңғы жырым Сізге деген,
Жырымнан жанға сая іздеген ем.
Сыбдырласа жапырақ бақтардағы,
Сəлем жолдап жатқаны сізге менен…
«Біз бақытты боламыз, қара да тұр,
деді жүрек, жазғаным бола ма құр».
Көрдіңіз бе, əнекей, сол хаттарым,
Қанатында құстардың бара жатыр…
Тек құстарды ұшырып ап жүрмеңіз…
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter