Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
03.06.2022
231
2-ші хат
Көз ілмедім…
Қашқақтап маза менен,
Бұл күндері көп жазам азалы өлең.
Сары бақта отырып өзіңізге,
Жолданбайтын хаттарды жаза берем.
Мендік төзім шыңыраудан құлады анық,
Қане, жүрек, барлығын сұра барып.
Хаттарымды жынданып жыртамын да,
Қайта жазам азырақ жылап алып.
Сезімімнен намысты еттім де асқақ,
Қайрылмастан қайғыға өттім жасқап.
Сол хатымды бір күні сіз келер деп,
Сары бақтың ішіне кеттім тастап..
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter