Өлеңдер ✍️

  03.06.2022
  189


Автор: Бəйтік Дүйсебаев

ҚАЗАҚ САЛТЫ

Барғың келсе ауылыма тау аттай бер,
Киелі құс, киелі аң атпай кел.
Ат мінгізіп, атанын жетелетер,
Құдайы қонақ қонуын сауап дейді ел.
Салтымызға мейлің таңдана бер,
Баға беріп өтпеген қай кемеңгер,
Біздің елде туады қонақ үшін,
Ақ сарбас қой, көк қасқа тай дегендер.
Өзіне де, басқаға ақтарылып,
Жасамайды пендеге баспа қулық.
Үйге кірген ырымдап жыланның да
Шығарады басына ақ тамызып.
Қонақ қонбай көңілі көншімейді,
Астау-астау еттерін жесін мейлі.
Бес құрлықтан үйіне келсе де адам,
Бөлінбеген дастарқан енші дейді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу