Өлеңдер ✍️

  03.06.2022
  85


Автор: Бəйтік Дүйсебаев

АУҚАТЫҢ ҚАЛАЙ ДЕГЕН БІРЕУГЕ

Кезім жоқ дəулетке мас боп шолжаңдаған,
Банкіде ақшам да жоқ, он мыңдаған.
Тапқаным тамағыма жетіп жатыр,
Қоңыр қалта тұрмыс та болды маған.
Қайтемін байлық деген отпен ойнап,
Ол жайлы бүгін мені сөкпе, қайрап.
Жалғанды жалпағынан басқан əкем,
Бақиға төрт түлігін кетпеді айдап.
Бірақ та, алақанды сізше жайып,
Жүрмеймін,
бір көрпілдес тисе байып.
Сол күні достарымды шақырамын,
Осылай ғұмыр кешер Дүйсебаев.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу