Өлеңдер ✍️

  01.06.2022
  120


Автор: Қадыр Әлімқұлов

Күз

Алтындай жалқын:
Сап-сары,
Жұқалтым қызыл назары.
Албырап піскен бақтардың
Айшықтай түскен ажарын –
Тойдырған көзді үзігі-ай!
Даланы-дағы алтындап,
Жирендеу түске матырған.
Тынысы мүлде салқындап,
Бейнеттің дəмін татырған –
Сабырға сіңген жүзін-ай!
Шалғынға таңда шық тұрған,
Құралай жұтар тамсанып.
Өмірдің мəнін ұқтырған,
Сыбызғы қурай əн салып –
Дана да дархан күзім-ай!
Күзім-ай!
Күмбір байтақ əн,
Мизамшуақ күнімен.
Көңілдің көлін шайқаған:
Қайтқан құстардың үнімен,
Келер қыстың мұңымен…




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу