Өлеңдер ✍️

  01.06.2022
  193


Автор: Қадыр Әлімқұлов

Қанша ауыр болса да....

Қанша ауыр болса да,
Кейде жауын жасқата.
Қалқан-жүгiн қолқалап,
Тастамайды тасбақа.
Отан – сондай қабығың,
Оны таңдай алмайсың.
Ауыр кезде жабығып,
Жазғырма оны,
Жанбайсың!
Бала бол, мейлi,
Бес жасар,
Отансыз қалсаң –
Сол қайғы.
Қажет тастың ешқашан,
Ауырлығы болмайды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу