Өлеңдер ✍️

  28.05.2022
  87


Автор: Асылбек Жаңбырбай

Шілде галлюцинациясы

Күннің көзі кеткендей бір шашып от,
Өртеніп тұр шөл дала...
Бірақ неге көлеңкемнің басы жоқ,
Мен шығармын көрбала???
Өлген ойдың жинап алып қаңқасын,
Жүрегіме жерледім.
Ақылдың да кептіреді-ау аңқасын,
Қосылған соң шерге мұң.
Мына жақта азаттық та тәуелді,
Үндемеймін қырсығып...
Түстім, міне, қалыбыма әуелгі,
Жан ғой нағыз тіршілік...
Қараң қалды құштар сезім, шат көңіл,
Естілед тек жаңғырық.
Алда дейді көрер қызық, тәтті өмір,
Көп адасқан қаңғы үміт.
Жанарымнан бара жатыр тасып от,
Өртеніп тұр бәрі де...
Бірақ неге көлеңкемнің басы жоқ,
Табиғаттың кәрі ме???
Қырық жыл аптап болардай...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу