Баталар ✍️

  27.05.2022
  461


Автор: Балаларды қорғау күні

Балаға бата

Сенің денің сау болсын,
Биікке өрле қарағым!
Жаратқаным жар болсын,
Көштен қалма қарағым!
Арман-мақсат бар болсын,
Құтты болып қадамың!
Шырайлы атар таң болсын,
Шырқалып бұл бал әнің!
Бірінші маусым мереке,
Таба берсін жалғасын!
Балдай тәтті бал кезің,
Ұлғайта берсін арнасын!
Балалық шақ тәтті боп,
Келеңсіздік болмасын!
Көңілдері тоқ болып,
Қанаттары самғасын!
Өмірлері жанданып,
Еш жамандық болмасын!
Данышпан бол, ғалым бол,
Раббым Алла қолдасын!
Жақсыдан үйрен лайым,
Жаманмен ісің болмасын!
Елін сүйер бала бол,
Қыдыр болсын жолдасың!
Әумин!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу