Өлеңдер ✍️

  24.05.2022
  125


Автор: Ибрагим Иса

Сен мені түк аямайсың, сүймейсің...

Сен мені түк аямайсың, сүймейсің,
Мүмкін ептеп сүйсімсіздеу болармын.
Шын сүюдің не екендігін білмейсің,
Сезіміңнен әлде қашан тоналдың.
О, бойжеткен, саған айтар ақ сөзім,
Қонармын-ау, болармын-ау төсіңде,
Қанша еркекті аймаладың, айтшы өзің,
Қанша ерін мен қанша құшақ есіңде?
Кетті бәрі көлеңкедей далақтап,
Өтті бәрі сезбей сенен от ерін.
Талайлардың тізесінде қонақтап,
Болды бүгін менің алдым мекенің.
Жанарыңнан барлығы да оқылды,
Білем кәзір керектігін саған не.
Мен де сені шын сүймей-ақ отырмын,
Өзге қызық шаршатқан соң амал не.
Мен де бөтен, сен де болып бөтен қыз,
Жоғалармыз орнымызда күл қалып.
Ештеңеде болмағандай екеуміз,
Ұшырассақ жымиярмыз ұрланып.
Бүр күндері өзге еркекпен шығарсың,
Махаббатты әңгіме ғып ұшпалы.
Мүмкін, сонда бір көшеде бұраңсыз,
Кім біледі, кездесерміз біз тағы.
Сонда соған иығыңды сәл бұрып,
Түсіп кетер бұрынғыдан сәл еңсең.
«Қайырлы кеш» дерсің жаймен қарлығып,
Бұл жауапты және естірсің менен сен.
Өткеніңе өкіне бер сен мейлі,
Көкірегіңде жатсын тіпті тоң қайғы.
Махаббатқа бір алданған сенбейді,
Бір өртенген екінші рет жанбайды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу