Өлеңдер ✍️

  20.05.2022
  205


Автор: Мөлдір Дарханбаева

Мен өзіңсіз

Мен өзіңсіз өмірді.
Елестете алмаймын, білемісің?
Тарылтады сенсіз бұл Күн өрісін...
...Жасайды екен түбінде өз дегенін
Ақыл емес айлалы, жүрек ісін.
Мен өзіңсіз ауаны.
Жұтудан да қаламын, тыйыламын,
Анық сенсіз мұңға елтіп бұйығарым.
....Тәңірімнің тосыннан, өзің деп ұқ
Маған берген ерекше сыйы, жаным.
Мен өзіңсіз дүниеде.
Байланғандай қазыққа шыр айналам,
(Кім билігін жүргізген бұлай маған?)
Лағыл оттай өзіңнің жанарыңсыз
Көрінеді жарықсыз сұр айналам...
Мен өзіңсіз,
Мұң орманның ішінде адасамын,
Сенсіз басар санамды қара сағым.
Мың адамнан білеміз, екеуміздің
Жүрегім мен жүрегің жарасарын




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу