Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  201


Автор: Баймаханбет АХМЕТ

Ұлмын ұлтқа (басқа анам жоқ енді)

Ұлмын ұлтқа (басқа анам жоқ енді)
Қалай оқы, мейлі: өзгермес өз аты.
Тітіркентер, түбі, төрткүл әлемді
Қанымдағы жусан исі қазақы...
Сабылсам да, санам түсіп сарсаңға,
Шалынса да өмірімнің отқа өрі.
Өз-өзімнен қашып қайда барсам да,
Ішімде бір ұлумен жүр көк бөрі.
Жауым... қанша мақтап тұрып көзіме,
Шапқа түртіп азғырды, «шоқ, шоқ» деді...
«Қазақ» десе тиеді кеп өзіме,
Қанша жерден тұрсам-дағы жек көріп!
Шып-шып терлеп күнге тосқан маңдайым,
Өн бойымда қыз-қыз қайнар ғажап қан!
Өз-өзімнен безіне де алмаймын,
Бөліне де алмаймын мен қазақтан!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу