Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  173


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Коммунист

Нұсқау алған көсемнен,
Күрестерде есейген,
Жақсылыққа жүрегі
Толып жүрер үнемі.
Қамқор адам кішіге,
Адал адам ісіне.
Тізгінбасы қоғамда,
Ізгі жолдас адамға.
Бақыт тілер саған да,
Бақыт тілер маған да.
Бейбітшілік тілегі,
Туған елдің тірегі.
Əлемдегі бар адам
Үмітпенен қараған:
Коммунист – ел тірегі,
Коммунист – Жер тірегі!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу