Өлеңдер ✍️

  17.05.2022
  3084


Автор: Ершат Қайболдин

“ТОҚТА БАЛА”

Тоқта, бала


Тоқта, бала, шет тілде шүлдірлеме,
Қадірін қашырасың тілдің неге?
Сұңқардай саңқылдауға міндеттісің,
Қарғадай қарқылдама, бұлбұлнеме!



Сен туғанда қай тілде іңгәләдің,
Бесік жыры емес пе тыңдағаның,
Ана тілің қазақтың тілі шығар?
Бабаңның шежіресін бір қарағын!



Көкке қарап ұлысаң, зорсың, бала,
Жерге қарап шошқадай қорсылдама!
Қара көзім, көк көз де, қысық көз де,
Ешкімің емес, сенің - көршің ғана!


 


Ешкімің емес олар енші берген,
Бірақ, бала, тату бол көршілермен!
Қазағыңмен қазақша сөйлесе бер,
Әлдеқашан босадың сен шідерден!


 


Өзге тілде ойлайсың, ішіп-жейсің,
Бәрі, бәрі болашақ үшін дейсің.
Бұл өлеңді несіне жаздым екен?
Сен бәрібір қазақша түсінбейсің!
-
Ершат Қайболдин




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

Мал
Мал 17.09.2025 23:36
Лох
Гүлназ
Гүлназ 09.07.2025 13:01
"Тоқта, бала" өлеңі өте керемет, терең мағыналы, өзекті мәселені қозғаған ойлы өлең екен.

Пікір жазу