Өлеңдер ✍️

  15.05.2022
  232


Автор: Нүсіпбай Әбдірахым

Айтылмай кетті кеудемде талай сырларым...

Айтылмай кетті кеудемде талай сырларым,
Көгімде, жаным, жұлдызым болып тұрмадың.
Күнімдей көріп көктемім деген, аяулым,
Күтумен сені өтіпті-ау талай жылдарым.
Күлімдеп бейнең тұрғандай болып алдымда
Көз ілмей ұзақ атырдым талай таңды да.
Жүрсің сен қазір басқаның көгін жарық қып,
Мен үшін алыс арман боп қана қалдың да.
Атыңды сенің тауға да жаздым, тасқа да,
Сырымды айттым сыбырлап желге жасқана.
Сүйіп ем сені, арманым едің сен менің,
Шынымен, жаным, кеттің бе мәңгі басқаға?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу