Өлеңдер ✍️

  07.05.2022
  93


Автор: Орынғазы Мәнбазарұлы

Мәнсәп ойы

Меніңде жүгім емес алып көрген,
Мүмкін ол бақыт шығар халық берген.
Йəки борыш шығар мойныңдағы,
Əрең бір ақталатын қанды термен.
Талғайтын адамдардың нарқын ерен,
Егізбе парасат пен ақыл менен.
Ішіне ертоқымды аттар сыйып,
Жүгімен талай-талай нар түнеген.
Осындай маңғаздарға қонама екен,
Қамы жоқ ел ісінен ала бөтен.
Мəнсəптің қалады онда мəнінде не,
Деп қонса қара басты адам екен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу