Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
05.05.2022
253
Шығыс ұлы
Шығыстың таңы атқанда,
дүние жəннаттағыдай нұрланатын,
шапақ шашып жайғанда Күн қанатын,
түн жүзін мұң жабатын;
жапырағы сарғайған ағаштар да
жан бітіп бүр жаратын.
Нұр шашқан көгім еді –
бұлт қаптады – шошытты өңі мені –
қаңғып келген қара бұлт, қоңыр бұлттар
жауынынан қабырғам сөгіледі,
Əзірейіл – ажал боп көрінеді.
Кенет дүние жарқ етті,
Əли батыр қайтадан туылғандай,
зулфыхарын қынаптан суырғандай.
Бұлттар тоз-тоз жөңкіді. Күннен қашып
індеріне тығылған суырлардай.
Ашылды аспан
Күн-шапақ шашырады,
Жер құлпырды, шырқалды ғасыр əні,
Күн астында исламның туын ұстап
тұрды биік
Шығыстың хас ұланы!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇