Өлеңдер ✍️

  20.04.2022
  61


Автор: Рафаэль Ниязбек

ТҰТҚА

Ей, ағайын, мұратқа жетем бе деп,
Бүлік іздеп, бүлінбе бекерге көп.
Арпалысып Елбасы жүрген жоқ па,
Дүние ауытқып орнынан кете ме деп.
 Қозғалыстың бәрі де жөн көрініп,
Ағындаған ақ шуақ өрге өріліп.
Елбасы ылғи шырқырап жүрген жоқ па,
Кете ме деп дүние төңкеріліп.
Зауалынан жөңкіліп аспан көшкен,
Қилы-қилы заман көп бастан кешкен.
Елбасы ылғи жанығып жүрген жоқ па,
Болмасын деп дүние астан-кестен.
Кеуде тосып қараудың мылтығына,
Қорған болып бозторғай – шындығына,-
Жанұшырып Елбасы жүрген жоқ па,
Дүниенің жамалып жыртығына.
Тұрса асырып айдынын күн киелі,
Ел басына жағады кім күйені.
Елін қорғау үшін де азамат ер
Қорғайды ылғи алдымен дүниені.
Төнген кезде түнеріп бұлт басына,
Азаматтың жиналған жұрт қасына.
Дүниені мүмкін бе қорғамауы
Дүниенің айналған тұтқасына.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу