Өлеңдер ✍️

  02.04.2022
  683


Автор: Рамазан айы

Кел, Рамазан төрлеткін!

Кел, Рамазан төрлеткін,
Шаттық сыйлап халқыңа!
Кел, Рамазан төрлеткін,
Бақыт жинап жалпыға!

Кел, Рамазан төрлеткін,
Бұл еліме дем беріп!
Кел, Рамазан төрлеткін,
Самал желдей тербеліп!

Кел, Рамазан төрлеткін,
Күндей болып шашып нұр!
Кел, Рамазан төрлеткін,
Тамыр жайып ашып гүл!
Жібек Искакова




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

Мадинаа
Мадинаа 04.02.2026 20:19
Өтее керемет,маған ұнады,осы арқылы сайыста жеңдім

Пікір жазу