Өлеңдер ✍️

  23.03.2022
  317


Автор: Нұрлан Оразалин

ОЙ ҚУАЛАП ҮЗДIККЕН САНАДАЙЫН…

(Күз ырғақтары)
***
Бел үстiмен бозарып Ай қашады,
Ай астымен құлдырап Сай қашады.
Күз суретi… Күз түнi күреңiтiп,
қаз қалпы кеп кеудеңе жайғасады.
Алып таулар аспанның кемесiндей,
бағзы күннiң бояусыз елесiндей…
Жүзiп бара жатқандай бiр бағытта,
аққан жұлдыз садақтың жебесiндей.
Қара жерге тобарсып сыз қатқандай,
күздiң түнi денеңдi мұздатқандай.
Тобылғылы сайлардан жел ән салып,
Шилi өзектiң қойнауын сыздатқандай.
Алып-ұшып жүрегiң қызынады,
әлденеге көңiлiң бұзылады.
Байғыз үнi байқаусыз сұңқ еткенде,
тұра қашар тасырлап түз лағы.
қыркүйек, 1981 жыл.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу