Өлеңдер ✍️

  23.03.2022
  175


Автор: Нұрлан Оразалин

Шын мұңайсаң…

Шын мұңайсаң…
Мұңайып Дала қашқан,
шын қуансаң, қуанар тарап аспан,
дерт екенiн «ақындық» кештеу ұқтым,
жүрегiмде тамтық жоқ…
Жара басқан…
Кештеу ұқтым…
Кеш ұқтым жоғын-барын,
көктемiн де,
күзiн де,
тоңын-қарын…
Кейде осы мен жағалап жүргендей боп,
шошынамын
тағдырдың қорымдарын…
10 қараша, 1980 жыл –
10 мамыр, 1995 жыл.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу