Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
22.03.2022
481
Шаруа мен жылан
Шаруаға жақын келіп Жылан бір,
Былай деді: «Көршім, тату тұрайық!
Енді менен сескенуің шын айып;
Көрмеймісің, еш түрім жоқ күмәнді,
Биыл көктем ауыстырдым терімді».
Жылан, бірақ, сендірмеді еріңді.
Балтасын ап ол тұрды,
Деді және: «Мейлі қанша түлегін,
Өзгермейді жүрегің», –
Шапты-дағы өлтірді.
* * *
Ел сенімін жоғалтып бір алсаң-ақ,
Бет пердеңді өзгерткенмен қаншама,
Одан аман қалмассың,
Жылан сынды көп ұзаққа бармассың.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter