Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
22.03.2022
173
Арыстан мен қасқыр
Қозыны жеп жатты Арыстан таңғы асқа:
Күшік көзін алмастан,
Жүрді-дағы орындықты жағалап,
Бір тістем ет жұлып алды шамалап.
Аң патшасы оған түк те демеді,
Өйткені, ол жас еді ессіз сабалақ..
Мұны көріп Қасқыр ойға келеді:
Арыстанның, демек, әлсіз болғаны –
Үнсіз қалғаны;
Сол қозыға ауыз салды ол-дағы.
Тіршілігі тас болды –
Табанда өзі Арыстанға ас болды.
Жарып жатып деді Арыстан: «Сен ессіз,
Күшікке еріп, тектен-текке ойнадың,
Мені-дағы аяйды деп ойладың:
Ол әлі жас, ал сен күшік емессің!».
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇