Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
14.03.2022
151
КӨКТЕМ ТУЫП КЕЛЕДІ
Күркіреді көк аспан, көктем жуық,
Көбелегін, қызығын жеткен қуып.
Беті қайтып, булығып қыс барады,
Тұла бойын ызғармен өткен буып.
Ақпан,
Қаңтар,
Боранын несіп еткен,
Қар еруде...
Ыбылжып есі кеткен.
Тонға оранып бұғынған тіршілікті
Жаңғыртпаса онда оның несі көктем?!
Келіп жатыр құстар да көшін ерткен,
Көктем бұлай болмаса несі көктем?!
Несі көктем?
Келмесе көңілденіп?
Табиғатқа тағы бір өмір беріп.
Ойдым-ойдым әр жерден бу шығады,
Жатыр ма әлде кім білсін жеңілденіп.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇