Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
13.03.2022
138
Жабығу
Отырам дәйім мен сенің
Қоңыруыңды тосумен.
Кетуін түсіп еңсенің
Түсінемісің осы сен?
Хабарласпасаң кезінде,
Қоярға жанды таппаймын.
Салынып сұрқай сезімге,
Қалайша мұңға батпаймын?
Жүрсің сен қайда, кімменен?
Деген ой орап күнімен,
Бірге ұшып көшкін құмменен,
Өзімнен-өзім үгілем.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter