Өлеңдер ✍️

  27.02.2022
  160


Автор: Өтеген Нұрмағамбетов

ЕШҚАШАНДА, ЕШНӘРСЕГЕ ӨКІНБЕҢДЕР АРТЫНАН


(Андрей Дементьевтен)
Ешқашанда,
ешнәрсеге өкінбеңдер артынан,
Ескі хаттай жыртып таста,
қала берсін қалпында.
Өткен істі өзгертуге
шараң енді болмаса,
Үзіп таста әлсіз жіпті,
Өр көңілің толмаса.
Ешқашанда өкінбеңдер,
Болған істе шара жоқ.
Енді қайтып болмайтынға,
Өтті-кетті, дауа жоқ.
Көлдей көңіл арнасында шүпілдесе –
Толғаны.
Ақ үміттің аппақ құсы
шарықтаса болғаны.
Жан жылуын,
ет қызуын жақыныңа төге көр,
Мысқылдасын,
күле берсін, қайтесің сол
 Көне бер.
Біреуі бай,
бәзбіреуі бастық болды жетелі,
Өкінбеңіз,
Өз қайғысы өздеріне жетеді.
Ешқашанда,
ешқашанда өткен іске өкінбе,
Кеш бастадың,
ерте кеттің, бәрі-бәрі есімде.
Басқа біреу
сырнайлатып әдемі ән салады,
Бірақ әнін
сенің нәзік жүрегіңнен алады.
Ешқашанда,
ешқашанда өткен іске өкінбе.
Кеткен күн де,
махаббат та
Бағынбайды өкімге.
Басқа біреу
сырнайлатып әдемі ән салады,
Бірақ сіздей
тыңдаушыны енді қайдан табады?
15.03.2013 жыл.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу