Тақпақтар ✍️
Тақпақтар ✍️
15.02.2022
286
Піл
Ең алып аң піл деген,
Ыстық жақта мекені.
Салмағы да мүлде ерен
Он тоннаға жетеді.
Оның ұзын тұмсығы
Тап шлангі секілді.
Сол тұмсығы Қызығы,
Іс атқарар не түрлі.
Суырады еменді,
Бойда күші шын тасып.
Күн ыстықта, ал енді,
Салқындайды су шашып.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇