13.02.2022
  240


Автор: Абдрахман Асылбек

Шабақтар

Көл бетінде шабақтар
Шолпылдайды, ойнайды.
Дегендейін қарап қал
Қара суды бойлайды.
Қармақ салсам жар жақтан
Күрмегіне құрт іліп,
Жармасады жан-жақтан
Шабақтар шалт ұмтылып.
Қарапайым, жабайы
Қайдан білсін айламды.
Шабақтардың талайы
Қармағыма байланды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

17.04.2025 16:38
Су

Пікір жазу