Өлеңдер ✍️

  19.12.2021
  228


Автор: Қонаш Қалдыоразұлы

Ұландар

Ұландар, қайдасыңдар?
Ұландар қайдасыңдар бірге жүрген,
Сабақты да бірге оқып, бірге күлген.
Бал татыған балалық артта қалып,
Ақсақалмыз осы бір күнге келген
Бір қатар дос өтіпті өміріңнен,
Жандар едік бақ сыры төгілінген.
Жас 80 – ге бет алған кезімізде,
Әрқайсысың кетпейсің көңілімнен.
Қыздар қайда кешегі, ұлдар қайда?
Бәрі де тең жандарды туған айға.
Бірі кетіп өмірден, бірі қалып,
Түсіп өлім жатыр ма құрған ауға.
Құдай білем, күнәмді кешірмесін,
Сыр айтамын жүрегім есілгесін.
Өздеріңе деген – ай махаббатым,
Ұландарым, бірге өскен, ескірмесін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу