Өлеңдер ✍️

  28.11.2021
  200


Автор: Кәдірбек Құныпияұлы

НҰР

Пендесіне мейірімі Алла жоқ деп пе ең,
Нұр да сепкен, кеудесіне от сепкен.
Құс сайрайды Жаратқанның жаршысы,
Кеп қалдың ба, айналайын көк көктем?
Бүршік жарды бүртік-бүртік тал басы,
Табиғаттың тамыр бүлкіл жалғасы.
Жаратқанның жарлығымен жайнады,
Нұрға толып өзенімнің арнасы.
Табиғаттың сезіліп нұр, өрнегі,
Көңіліңде көркемдейді әрнені.
Қар еріді, су тасыды, құрғады,
Барлығы да бір Алланың пәрмені.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу