23.11.2021
  158


Автор: Айып Нүсіпоқасұлы

Өмірдің қадірін білу  

Әрбір адам, өмірге ой көзімен, биік адамдық ақыл-парасатпен қарау, жарық күнді қадірлеп, жақсы өмір сүруге дағдылану, өнер-бі- лім, үлгі-тағылым үйреніп, өмірдің мəн-мағынасын арттыру; əр күн,


əр сағаттың қадір-қасиеті мен қымбатын жете түсініп, арайлап атқан таңды ғанибет білу; «ақыры өтетін өмір ғой» деп ойына келгенді іс- теп, айналаңа лаң салып, адамдық өмірдің қасиеті мен мəн-мағынасын


 


жоғалтып алудан сақтану керек.


Бұл тəрбие ұрпақтарды өмірді мəнді, мағыналы өткізуге, өнер-ғы- лымды меңгеріп, үлгі-өнегелі болып, өтіп жатқан уақыттың қадір-қа- сиеттерін арттыруға баулиды. Жаман əдет, жағымсыз іс-қылықтардан аулақ болуға жетелейді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу