Өлеңдер ✍️

  16.11.2021
  776


Автор: Гульнази Назарова

Апама

Елді аузына қаратқан,
Өнерімен көзге түсіп,
Бүкіл халық тамсанған,
Әрі әнші, әрі ақын жан анам.

Халықтың жоғын жоқтаған,
Айтыстан алдына жан салмаған.
Бүкпесіз ойын тік айтып,
Көпке жаққан жан анам.

Кей бастықтар қаймыққан,
Кейбіріне " Туған биде тура жоқ,
тумаған биде иман жоқ" -деп, жай айтқан.
Ағайын сүйіп, сыйлаған жан анам.

Сөзі елге әлі үлгі,
Есте қалған мақалы мен мәтелі.
Туыс-жекжат жиі еске алады,
"Данышпан" -деп ұмытпайды Ырысжанды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

Мансұр
Мансұр 15.08.2025 23:34
Жақсы өлең жазыпты

Пікір жазу