Өлеңдер ✍️

  15.10.2021
  178


Автор: Исраил Сапарбай

Өңім түгіл түске енбеген, Ғайып- қыз

Өңiм түгiл түске енбеген, Ғайып-қыз,
Қайдан келдiң?
Хабарыңнан жай ұққыз.
Жолықтың-ау,
Аяғымның астына
жапырағын жатқан шақта жайып күз.
Көңiлiмнен көшкенiмен бау жырақ,
Жан жаралы жолбарыстай... сау, бiрақ.
Жолықтың-ау,
Мизамшуақ лебiмен
Миуасыз бақ тұрған шақта маужырап.
Сен жолықтың,
Айналайын, жолықтың,
Ұясына баратқанда қонып Күн.
Тек мен үшiн жаралған жан екенсiң,
Жаратқанның жарлығынан соны ұқтым.
Соны ұқтым да аймаладым мен сенi,
Бақыт басқа бiр келедi деушi едi...
Көз жазбайық еншi-өмiрден ендi, еркем,
Көкжиектен көрiнгенше жер шегi...



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу