Өлеңдер ✍️

  21.07.2021
  113


Автор: Бақыткерей Ысқақ

Таң.Түс.Кеш.Түн. Жер. Аспан

Арай шашып,
Күн шықты, ұясынан,
Қырқаның- қызыл жыңғыл қиясынан,
Шырылдап торғай- Елді оятып жүр
Даланы, жайма шуақ-ұйқасынан...
Шаңқай түс,
Аспан астын-
Ыстық ұрып,
Кең дала,
Тосты арқасын қыздырынып.
Бұрқырап иістері бір-біріне
Қой, Жылқы
Үйездеп тұр қыстырылып...
Кеш батты.
Намаздыгер.
Жұлдыз туды.
Жарықты шегіндеріп,
Алыс қуды...
Сан күнәні көрсетпей-
Шәйі көрпе,
Жамылғандар,
Сыбырлар аңыз-жырды.
Түн басты,
Салқын самал,
Ай аспанда,
Темірқазық жол ашар адасқанға.
Торғын тау.
Мақпал дала.
Қоңыр-өзен.
Қарайды-мәңгі ғашық,
Жер-Аспанға!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу