Өлеңдер ✍️

  01.07.2021
  232


Автор: Фариза Оңғарсынова

Билік деген – бір айдын

Билік деген – бір айдын
ақылсызға жел берер:
кенжесіндей құдайдың
алшаңдайды пенделер.
Билік құрған есердің
бар азабын ел көрер:
күнін кешіп мешеудің,
шарасыз ел сенделер.
Билік тисе тектіге,
жаны жұмсақ, кең келер,
Ойлайтыны жер мен ел,
теңсіздікті ол теңгерер.
Қариясын қадірлеп,
талаптыға жол берер,
қайғылының қамын жеп,
адалдарға қол берер.
Көргенді ме, харам ба,
тоты ма, әлде торай ма –
білгің келсе,
адамға
билікті бер – сол айна!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу