Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
19.06.2021
425
Әйелге деген махаббат
Түндерде жалын боп өткен
біреуді жаным деп өпкен
сенің гүл еріндеріңнен
әйтеуір жерінбедім мен.
Жұттым да көзде жасыңнан,
төсіңнен өзгеге ашылған
басымды ала алмадым ме
(қайғым ба ең, жанар бағым ба ең?!).
Көлдегі сағым көрікпен
жанарды жанымды еріткен
құштым мен ашқарақ күймен
(білемін - басқа да сүйген).
Ең алғаш құшқаным да - өзің,
балқытқан күш-жалын да - өзің,
ең алғаш сүю дегенді
үйреткен ұстазым да - өзің.
Жанымнан мұңым кеткелі
сен болдың күнім көктегі.
...Қайғым тек - осының бәрі
басыңнан бұрын да өткені...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇