Өлеңдер ✍️

  27.03.2021
  8393


Автор: Мұқағали Мақатаев

Сен бе едің?

Көтерілмей жүргенде еңсем менің,
Армандадым, біреуді көрсем дедім.
Біреу маған алыстан қолын созған,
Қолын созған қамқоршым, сол сен бе ёдің?
Танысып та, ашынып сезімдерім,
Ұзақ таңға ұйықтамай, көз ілмедім.
Сонда мені біреу кеп әлдилеген,
Әлдилеген сәбиін өзің бе едің?!
Сері күннен жалығып, кері күннен,
Жалғызсырап кей-кейде жерідім мен.
Біреу сонда жанымнан шықпайтұғын,
Жаны бірге менімен серігім бе ең?!
Қысылтаяң сәттерде саған келдім,
Жасырмай-ақ халімді жаман дедім.
Мүңым менен сырыма ортақ болған
Адам ба едің!
Аяулы панам менің
Сен менің көтерілген еңсем бе едің?
Армандадым, өзіңді керсем дедім.
Бақыт іздеп жүр едім, сол сен бе едің?!
Арманым жоқ, алдыңда өлсем сенің.



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

Аянат
Аянат 09.02.2026 17:44
Керемет алайда оқылуы қиындау екен өте керемет бас жүлде алдым
Жанел
Жанел 06.02.2026 20:11
Күшті ишо мұхағали атам туған еүніне аитаиын деп жатырмын
Мәншүк
Мәншүк 29.01.2026 17:34
Зооооор
Жазира
Жазира 10.02.2025 22:00
Өте жақсы мағыналы өлеңдер

Пікір жазу