Өлеңдер ✍️

  30.07.2026
  53


Автор: Гүлзия Тәжіханқызы

БАЛАҒА АРНАЛҒАН СЫР

 


Қуанышпен атты тағы ала таңым,
Мерейлі күн мерекеңде, балапаным.
Саған арнап бар жылуын әлем жиып,
Жақсылықтың паш етеді бар атауын.


Өзің жоқта бұл тіршілік - мағынасыз,
Түсетіні бәрі айқын жаныма сыз.
Байлық болсын, мейлі, даңқ пен мансап болсын,
Бағалауы мүмкін бе еді бәрін олсыз?


Бала – өмір гүлі емес пе жайқалатын,
Өн бойыңнан нәзіктігі байқалатын?
Жадыраған жүзіңменен күлімдесең,
Өзіңменен көңіл шіркін жай табатын.


Бала - өскін, бәйтеректің жапырағы,
Айқын ғой, түссе сәуле, жарқырары.
Діңгегіне бекінеді әр сабағы,
Қисайса егер, ата-анаң шарқ ұрады.


Күндер жылжып барады уақытпенен,
Өлшенеді ғұмырың бұл бақытпенен.
Жете алмасаң қадіріне ештеңенің,
Сусып кетер уысыңнан бақыт деген.


Тілегіме құлақ салшы, аса мәнді,
Бағың болсын, ұзағынан жаса мәңгі!
Дүниенің көзін қуып, құнықпа еш,
Ұнатпайды көбінде өмір асағанды.


Гүлзия Тәжіханқызы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу