Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
30.07.2026
49
КҮЗГІ ЭЛЕГИЯ..
Көгіннен сәуле шашып,төгілді күн,
Серпілтті көңілімді көгім бүгін.
Көргенде өтіп жатқан ақша бұлтты,
Келмеске кетіп енді көмілді мұң.
Сүзіліп қарағанда аспан әлем,
Ақ бұлттан көк тырналар асқан әрең.
Мен көрдім, үнсіздік күй тіршілігін,
Біз сүрген жер бетінен басқа да мен.
Кетсе де халім құрып жаздай әлім,
Өмірдің танып келем жазбай мәнін.
Байқадым, жабырқауды күз даладан,
Салғанда кетіп жатып қаздар әнін.
Көңілге түйткі болар күз ба осы?
Қимастық қалдырғандай қаз дауысы.
Бұлт асып, тастап бізді кеткенменен,
Білінді маған бірақ, назданысы.
Сезікті қайтер екем жүректі мен,
Түсінер күз бе,мені сыр еткенмен?
Аспанға қайта-қайта қарай берем,
Барардай айналамнан жүдеп ғұмыр.
Гүлзия Тәжіханқызы.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇