Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
30.07.2026
22
АҚ ТАҢНЫҢ МАҒАН БАҚЫТ ӘР АТҚАНЫ
Жалғанда қанатым еш талмаған,
Тірлікте алға ұмтылып қарманам.
Жылуына бөленбесең мейірдің,
Біз сүрген тіршілікте бар ма мән?
Өмірге кей сәттерде таң қаламын,
Басымнан кетпесе екен қонған бағым.
Мың күнім, бір күнімдей өте шығар,
Атса күн шуағымен таңда, жаным.
Жүректе реніш оты маздайды көп,
Өкпелеп, бақытты күн жазбайды деп.
Айтып қап, жүргеніміз күпірлік қып,
Қағумен, жөн-жосықсыз таңдайды көп.
Бозбере сәулесін күн таратқаны,
Ақ таңның маған бақыт әр атқаны.
Жүргенім аман-есен, бәрі бақыт,
Саулықпен төрт көз, түгел таң атқаны.
Гүлзия Тәжіханқызы.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇