Өлеңдер ✍️

  30.07.2026
  21


Автор: Гүлзия Тәжіханқызы

ЕЙ,ӨМІРІМ...

 


Ей,өмірім, мені өзің қамшыла,
Ерік бермей жанардағы тамшыға.
Төне қалса, алда егер қиындық,
Сабырым-ау, төзімге сал, сәл шыда.


Тоқтаусыз бір, өтіп жатқан ағынсың,
Тарту еттің арайымен таңның шын.
Бірін-бірі күндейтұғын дұшпандар,
Араздықтан бұл жалғанда арылсын.


Көп көрмейін, маған берген ырысын,
Ашылғаны бойымдағы тынысым.
Тағдырыма қарсы тұрар ер кеудем,
Алда талай, өзіңменен тұр ісім.


Ақтарғанда өткен күннің дәптерін,
Жиыстырып қояйын мен өткенін.
Жабырқатпа жабыққанда көңілді,
Жанға дауа, мәңгілік күйдің тапшы емін.


Сансыз сұрақ, санамды мың үмітті,
Әсер етпей, дұшпан айтар үн тіпті.
Тәңір берген сабырымды жеңдірмей,
Үздірмесін енді алда үмітті.


Гүлзия Тәжіханқызы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу