Өлеңдер ✍️

  30.07.2026
  17


Автор: Гүлзия Тәжіханқызы

ӨМІР ДЕГЕН..

 


Өмір деген - мұнар тау ғой, биік шың,
Кейде үміт, кейде күдік жасырған.
Қайрат барда аласа емес биіксің,
Жігеріңе бас ұрған.


Өмір деген - жылжыған бұлт көктегі,
Жеткізбейді қусаң-дағы құмсағат.
Жасап ғасыр, тіршілікпен көктеді,
Жылдар жылжып, күн санап.


Өмір деген - ағып түсер шоқ жұлдыз,
Бұлбұл ұшар беймезгілде сәттерің.
Көзге ілмей, өкінішті тоқ жүрміз,
Жасырып кеп «әттеңін».


Өмір - теңіз, толқыны асау ойнатар,
Орны толмас, салсаң дағы әуреге.
Менмендікті бойға алсаң - ойратар,
Мұрныңды тығып әрнеге.


Гүлзия Тәжіханқызы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу