Өлеңдер ✍️

  27.07.2026
  27


Автор: Гүлзия Тәжіханқызы

ЖІБЕРІП АЛДЫҚ ҚАТЕЛІК, НЕГЕ АБАЙСЫЗ?

 


Найзадай тілді сермесем ащы шындыққа,
Қарамас бейжай, мәнісін сезсе, шын ұққан.
Көрсетсем кейде, кеш мені, егер бейнесін,
Келеңсіз жайға өлеңмен салсам жыр ноқта.


Дөрекі сөйлеп, былапыт сөзбен көкіген,
Кеткен бе әлде жүгенсіз, сірә, бетімен?
Құлықсыз жасты көргенде, мен де тартындым,
Менмендігі аса бойына мықтап бекіген.


Тыңдаудан кетті, телефон ұялы қолында,
Құрбаны болды желінің сымсыз жолында.
Тіл алмай кейде, ата-ана сөзін таптаған,
Айтсаң да ақыл, қоймайды, қанша жөн ұға.


Туыстық кетіп бойынан, жатты байқайсың,
Болып жатқаны әлекке түсіп, айқай-шу.
Тартпастан аяқ,білмейтін қорқу әкеден,
Байқасаң ұлды, амалсыз басты шайқайсың.


Мәпелеп талай анасы қақты арқасын,
Болашағына үмітті жақты арта шын.
Қоғамда жайсыз танытқан өскін көргенде,
«Әттең-ай!..» деумен, ішіңді кейде тартасың.


Болып бара ма заман мен қоғам Құдайсыз?
Қылықсыз қызды шалса егер көзің, құлайсың.
Тасада жатқан құрықты сезбей жүрміз бе?
Жіберіп алдық қателік, неге абайсыз?


Гүлзия Тәжіханқызы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу