Өлеңдер ✍️

  27.07.2026
  21


Автор: Гүлзия Тәжіханқызы

БАҚЫТҚА ҚАДАМ

 


Тағдырдың төгіп жаңбыры тұрды, Тәңір хақ.
Жүріп келемін фәниде мынау жабырқап.
Келеңсіз тағдыр, кемелсіз тағдыр, қайтемін?
Арада адам, қарама маған таңырқап.


Бақыт дегенің - әркімге қонар әңгүдік.
Барыңды бұзып, жоғыңды құрар бар қылып.
Шаңырақ - кие, баланың ауыр көз жасы,
Жетімдік қамыт мойнына ілме қарғы қып.


Болса екен деймін бақытты күндер бәрінде.
Бала да күліп, батасын беріп кәрің де.
Баянды бақыт есігін ашып әр үйдің,
Төгілсе нұры, шапағат, мейірім әр үйге.


Тілеуін тілеп, ата-ана жүрер балаға.
Атаңның сөзін жұмақ деп, балам, бағала.
Қадірі асқақ дәстүрді сақтап тұмардай,
Ұғынып алшы, сіңіріп алшы санаңа.


Кең пейіл едік, дарыған бойға сый, достық.
Көңілде тұрар, ұзасақ егер қимастық.
Бір туған бауыр, бір туған жұртым - жақыным,
Бәріңмен бүгін сыйласпын, Ажырамасын сыйластық!


Гүлзия Тәжіханқызы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу