Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
16.07.2026
1
Жан-шырағым
Жан-шырағым,
Оң мен солың теңелмей,
Жазығың не –
Мұншама ерте сөнердей?!
Сұм дүниенің
Бөккен бақ пен сорына
Мен өлуім керек еді,
Сен өлмей!
Ғайып болдың –
Не сезініп,
Не біліп?!
Нәсіп – солай деу де –
Жаңсақ,
Жөгілік!
Кері кетіп алға басқан аяғым,
Бүкіл өмірім бара жатыр шегініп!
Жас өле ме,
Кәрі өле ме –
Бимәлім,
Өлдің –
Тайқы маңдайыма сыймадың!
Жер үстінде құр сүлдерім ғана жүр,
Күні бұрын көрге түскен Иманым!..
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇