Өлеңдер ✍️

  19.06.2026
  14


Автор: Оралбек Бек

ХОМУС ТІЛШЕСІНДЕГІ ӘУЕНДЕР

 


Өр тұлғасы намыстың!
Ұлы Дала әуені,
Қуанышы, әлегі.
Сыйып кетті жалғыз тал,
Тілшесіне хомустың.


Көкбөрі боп ұлыды,
Ақ боран боп ысқырды
Түйдек-түйдек ақ түтек,
Бейнелейді "үш қызды",
Үш қызымыз - Үш ару,
Жыр басында айтылған:


"Арман",
"Мақсат",
"Достық" деп,
Сөз емес ол жай тұрған!
Тыңдағанды тәнті етіп,
Мұзбалақтай шаңқ етіп.
Қосылады жастық кеп.


Қосылады шаңқобыз,
Шыққан күндей жарқ етіп.
Хомусты да шертесіз,
Табылады бар тетік,
Өлеңдетіп келсеңіз.


Қазақ пенен Саханың,
Әні де бір - кең өлке.
Шын сүйеді Отанын,
Күміс хомус дір-р етсе
Жайнатады Олонхо!


Аламанда жосылып,
Тұлпар болған Олонхо.
Қанаттыға қосылып,
Сұңқар болған Олонхо!
Бүкіл Саха Олонхо!


Сөзімде жоқ көлеңке,
Қазақ жырын өкшелеп.
Келе жатыр Олонхо,
Бойын жазған көктерек,
Жапырағын төкпелеп...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу