Шығармалар ✍️
Жастардың психологиялық күйі
Жастардың психологиялық күйі - қазіргі қоғамның айнасы.
Қазіргі заманда жастардың психологиялық күйі- ең өзекті мәселелердің бірі. Өйткені бүгінгі жастар – болашақ қоғамның тірегі. Сырт көзге бәрі жақсы көрінгенімен, жастардың ішкі жан дүниесінде шешілмеген мәселелер, айтылмай қалған ойлар, ұзақ уақыт бойы жиналып қалған эмоциялар жетерлік.
Қазіргі жастар тек оқу мен тәртіпке ғана емес, қазіргі кездегі болып жатырған бірнеше талапқа сай болуға мәжбүр. Жақсы оқуы керек, заманауи болуы керек, белсенді болуы керек, тіпті әлеуметтік желіде де “ идеал” көрінуі тиіс. Осындай қысымның барлығы жастардың психологиясына тікелей әсер етіп жатыр.
Қоғам мен талаптың қысымы
Бүгінгі таңда жастарға қойылатын талап өте жоғары деп айта аламын. Себебі қоғам сенен үнемі жетістік күтеді. Егер де сен өзгелерден артта қалып қойсаң, өзінді әлсіз, қызықсыз сезінесін. Әсіресе мектеп оқушылары арасында бұл жағдай өте жиі кездеседі. ҰБТ, тест, грант, болашақ мамандық мұның бәрі оқушылардың иығына ерте жүктелетін жауапкершілік.
Кейбір жастар “қателесуге құқығым жоқ” деп ойлайды. Ал шын мәнінде қателесу- бұл өмірдің бір бөлігі. Әрбір адам қателеседі және қателесуге де құқығы бар. Өзінді өзгемен салыстыру, сынау, мін тағу- жастардың өзіне деген сенімін төмендетеді. Соның салдарынан өз-өзін төмендетіп, психологиялық күйі нашарлай бастайды.
Жалғыздық пен түсіне алмау сезімі
Араласатын адамы көп болғанымен, өзін жалғыз сезінетін жастар өте көп. Көбіне жастар өз мәселесін ата-анасына немесе жақындарына ашып айта алмайды. Себебі олар “Түсінбейді”, “ұрысады” деп ойлайды. Сол себепті олар бәрін ішіне жинайды. Ал ішке жиналған эмоция, негатив бір күні жарылып шығады. Сонымен қатар бұл депрессияға, агрессияға, тіпті дегенде суицидке дейін апаруы мүмкін. Сондықтан жастардың психологиялық күйіне бейжай қарауға болмайды.
Әлеуметтік желінің әсері
Қазіргі жастардың өмірін былайша айтқанда әлеуметтік желісіз елестету қиын. Бір қарағанда, ол- байланыс құралы, ақпарат көзі. Бірақ оның кері әсері де аз емес. Instagram, TikTok сияқты желілерде бәрі бақытты, табысты болып көрінеді. Ал қарапайым өмір сүріп жүрген жасөспірім өз өмірін сол “идеал” өмірмен салыстырып, өзін төмен сезінеді.
Көптеген жастар “мен неге олар сияқты табысты, белсенді емеспін?” деген ойда болады. Осылайша, өз-өзіне көңілі толмай, қызғаныш, ішкі күйзеліспайда болады. Әлеуметтік желідегі лайк пен қаралымға тәуелді болу да психологиялықпроблемаға айналып бара жатыр.
Психологиялық көмектің маңызы
Қазіргі таңда психологқа бару- әлсіздік емес, керісінше өзіңе деген жауапкершілік. Бірақ қоғамдаәлі де “психологқа тек ауру адамдар барады” дегентүсінік бар. Осының салдарынан көптеген жастардер кезінде көмек ала алмай жүргендер де бар. Сонымен қатар мектептер мен университеттердепсихологияның рөлін күшейту керек. Оқушылар өзойын ашық айтып, қорықпай сөйлесе алатын орта қалыптастыру керек.
Бұндай жағдайда не істеу керек?
Ең алдымен түсініп, тыңдай білу керек. Тыңдайбілу- үлкен қолдау. Ата-ана, мұғалім жастардысынамай, керісінше қолдап, сенім білдіруі қажет. Әр адамның мүмкіндігі әртүрлі екенін қабылдауөте маңызды. Демалу, өзіңді өзгемен салыстырмау, эмоцияны шығару- бұл әлсіздік емес, керісіншемықты күштің белгісі.
Қорытындылай келе, жастардың психологиясы- жеке адамның ғана емес, былайша айтқандақоғамның мәселесі. Сондықтан жастардың ішкіжан дүниесін түсіну, оларға қолдау көрсету өтемаңызды. Бүгінгі күн психологиялықтұрақтылықты талап етеді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇