Өлеңдер ✍️
Ақ немерем
Шолпысы сылдыр, күлкісі сыңғыр көрінген,
Бойжеткен болар бұрымы сұлу өрілген.
«Әппағым менің, әппағым» деумен өзіңе,
Атаңның саған мейірімі ән боп төгілген.
Айналдым сенің мөлдіреп тұрған көзіңнен,
Айналдым сенің “ата” деп жүрген кезіңнен.
Күлімдеп, ойнап, атасын танып тұрады,
Сүйсіне қарап мейірім толса сезіммен.
?Қай-сы:
Әппағым менің, әппағым,
Әлдилеп күтіп баққаным.
Іңгәләп шықса дауысың,
Шаттықтың отын жаққаның.
Зор үміт артып соңыңнан,
Ұстадым балдай қолыңнан.
Томерис — асыл есімің,
Нұр жаусын жүрер жолыңнан!
?Немерем алтын бөбегім,
Өзіңді жақсы көремін.
Бұл әнім саған арналған,
Жүректен шыққан өлеңім.
Қаз-қаз бассаң қадамдап,
Жолыңа гүл төгемін.
Ақ жол тілеп алдыңнан, 2- рет
Ақ батамды беремін .
Әжең де күліп жаныңда жүрер «күнім» деп,
Ниеті аппақ, қылығы тәтті-ақ гүлім деп.
Әкең де сенің қолыңнан ұстап қорған боп,
Ақ сүтін берген анаң да отыр күлімдеп.
Ата бабаңның ақ жолын әркез ойларсың,
Басқан қадамың даңғылға үлкен айналсын.
Әулетіміздің асырар әркез мерейін,
Сен менің аппақ, жарқырап тұрған айнамсың!
••••••••••••••••
?Қай-сы:
Әппағым менің, әппағым,
Әлдилеп күтіп баққаным.
Іңгәләп шықса дауысың,
Шаттықтың отын жаққаның.
Зор үміт артып соңыңнан,
Ұстадым балдай қолыңнан.
Томерис — асыл есімің,
Нұр жаусын жүрер жолыңнан!
?Немерем алтын бөбегім,
Өзіңді жақсы көремін.
Бұл әнім саған арналған,
Жүректен шыққан өлеңім.
Қаз-қаз бассаң қадамдап,
Жолыңа гүл төгемін.
Ақ жол тілеп алдыңнан, 2- рет
Ақ батамды беремін.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇